Архив событий

22/04/2016

Қылмыстық іс бойынша брифинг

22/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша С. қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке судья Г.Ажигалиева мен жергілікті «Диапазон» газетінің тілшісі Ю.Гейст қатысты.

Хромтау аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

22/04/2016

Хромтау  аудандық сотында кеңсе мамандарының, соның ішінде жаңадан қабылданған мамандардың арасында жемқорлықты алдын ала ескертіп, оны болдырмай және жол бермеу мақсатында,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау  керектігі туралы семинар сабағы өткізілді.

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған

22/04/2016

Жол қозғалысына қатысушылардың барлыы қауіпсізідік үшін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын, сондай-ақ жол полициясы қызметкерлерінің талаптарын орындауы міндетті. Аталған талаптарды орындамау ескерусіз қалмайды және әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

22/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Сабыровпен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 3- бөлігімен  бойынша Ж. қылмыстық ісі бойынша мәлімет берілді.        

Алкогольдік еліту жағдайында жасалған қылмыс

22/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған азаматша С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аудандық сотында үкім жарияланды

22/04/2016

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабы 1- бөлігінің, 286-бабының 1-бөлігі-24-бабы 3-бөлігімен сотталушы М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Түлектер жәрмеңкесі - 2016»

22/04/2016

Ақтөбе облысты бойынша соттар Әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Кожина және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе бас маманы Г.Абиева «Түлектер жәрмеңкесі - 2016» мерекелік шараға қатысты.

Тиiстi тiркеусiз жолаушылар тасымалдаған

22/04/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлімімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен
айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) азамат А-ға қатысты іс қаралды.

Тараптар дауды бітімгершілік келісіммен шешті

22/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Жеке кәсіпкер «Т» «Р-С» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, Жеке кәсіпкер «Т» «Р-С» ЖШС-нен қарыз сома 1 326 800  теңге, айыппұл 257 399 теңге және сот шығындарын  өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Мәртөк аудандық сотында жеке қабылдау өткізілді

22/04/2016

Мәртөк аудандық сотында кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сот төрағасы жеке қабылдауына Мәртөк ауылының тұрғындары аз.А.Таева, Г.Мырзагулова, О.Мальченко құқықтық сұрақтарымен жүгінді. Келушілер 2011 жылы «Табыс» МКО-дан несие алған және олардың қатысуысыз кепіл туралы шарт жасаған, қазіргі таңда барлық қарыздар төленген, бірақ мүліктен кепіл алынған жоқ, МКО-нің басшысы сотталған, осыған байланысты кепіл туралы шартты бұзу жөнінде айтқан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша брифинг

22/04/2016

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің тілшісі А.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте сот төрағасы А.Бисенгали ағымдағы жылдың бірініші тоқсанында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды. Өткен 2015 жылғы осы кезеңінде барлығы 95 іс қаралса, осы жылдың салыстырмалы кезеңінде барлығы 58 іс қаралған, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты.

Ойыл аудандық сотында семинар өткізілді

22/04/2016

Ойыл аудандық сотында сот төрағасы, судья мен мамандардың қатысуымен қызмет бабындағы ақпараттармен жұмыс ережесі жөнінде семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты сот қызметкерлеріне аталған хатта көрсетілген кемшіліктерге жол бермеуді, қызметтік және әдептік тәртіптерді қатаң ұстану.

Семинар барысында сот төрағасы Н.Бақтығалиев Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің тапсырма хатын таныстырды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбындағы семинар

22/04/2016

Қобда  аудандық сотында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға  сот  төрағасы   А.Анарбаев ,   кеңсе меңгерушісі А.Маденова , сот мамандары қатысты.