«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда  аудандық сотында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға  сот  төрағасы   А.Анарбаев ,   кеңсе меңгерушісі А.Маденова , сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілгенін, кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.  Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс деп атап өтті.

Шара соңында семинарға қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, іс шараның маңыздылығын айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі