Архив событий

06/04/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өткізілді

06/04/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР жаңа азаматтық процестік кодексі, «100 нақты қадам» жоспары бойынша Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында сот ісін жүргізу жолдарын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Ақтөбе қалалық прокуратурасының, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің өкілдері, сот медицинасы орталығы молекулярлы генетикалық бөлімше меңгерушісі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, медиаторлар қатысты.

Ырғыз аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

06/04/2016

5 сәуір 2016 жылы Ырғыз аудандық сотында 2016 жылдың  3 айында    атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Баспасөз - маслихаты барысында сот төрағасы сотқа ағымдағы жылдың есептік кезеңінде барлығы 28 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс, оның 14 ісі бойынша 16 адамға үкім шығарылғанын, қалғандары жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылғанын, оның бесеуі медиаторлардың қатысуымен аяқталғанын атап өтті.

Сот медиация тәртібімен еңбекақы соммасын өндірді

06/04/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкерлер К., Е., және М. жауапкер «Артельресурс» ЖШС-нен еңбекақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкерлер өз талаптарында жауапкер тарапынан еңбек ақыларының 2015 жылдың қантар айынан сәуір айына дейін дұрыс төленбегенін, нәтижесінде жауапкер әр талапкерге 160 000 теңге көлемінде еңбек ақысын төлемеген. Осыған байланысты талапкерлер жауапкерден жалпы көлемі 480 000 теңге еңбекақы соммасын өндіруді сұраған.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

06/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұл өндіруді сұрап сотқа шағымданған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

06/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек стел жұмысына сот төрағасы Н.Сұлтанов, судьялар А.Молдағалиев, М.Сисенова, Ақтөбе облысының прокуратура басқармасының прокуроры А.Жұмағалиева мен Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының адвокаты Л.Гафарова қатысты.

Қобда аудандық сотында жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

06/04/2016

5 сәуір 2016 жылы Қобда аудандық сотында 2016 жылдың  3 айында    атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жиынға сот төрағасы А.Т.Анарбаев және БАҚ өкілі – жергілікті «Қобда» газетінің корреспонденті А.Егизбай қатысты.

Баспасөз-мәслихаты барысында аудандық сот төрағасы сотта қаралған істер санаты бойынша статистикалық ақпаратты жариялады.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

06/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті «Эврика» газетінің көрреспонденті Д.Матвеевтің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья А.Молдағалиев сотталған А.Сүтемгенге қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша ақпарат берді.