Сот медиация тәртібімен еңбекақы соммасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талапкерлер К., Е., және М. жауапкер «Артельресурс» ЖШС-нен еңбекақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкерлер өз талаптарында жауапкер тарапынан еңбек ақыларының 2015 жылдың қантар айынан сәуір айына дейін дұрыс төленбегенін, нәтижесінде жауапкер әр талапкерге 160 000 теңге көлемінде еңбек ақысын төлемеген. Осыған байланысты талапкерлер жауапкерден жалпы көлемі 480 000 теңге еңбекақы соммасын өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптар сот медиациясын жүргізу туралы өтінішімен арызданды.

Сот өтінішті қанағаттандырылып, медиация тәртібімен келесі шарттармен: жауапкер «Артельресурс» ЖШС-нің директоры талап арызды толық мойындап, 2016 жылдың 01 қыркүйегіне дейін талапкерлер К., Е. және М. пайдасына 360 000 теңге еңбек ақыларын төлеуге міндеттелді, ал талапкерлер өз кезегінде талап арыздан бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі