«Медиация – сот жүйесін жетілдірудің тәсілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында «Медиация – сот жүйесін жетілдірудің тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға соттың судьялары, Ақтөбе облысының кәсіби медиаторлары Л.Олейникова, А.Куртаева, С.Баймуханова, «Ақтөбе облысы бойынша Медиаторлардың Ұлттық палатасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрайымы, кәсіби медиатор  С.Түлкібаева, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағының өкілі - А.Казиеваның қатысты.

Судьялар А.Раимкулова, С.Утепбергенова «Азаматтық процесстегі медиация» және «Медиацияның әлемдік тәжірибесі» тақырыптарында, «Ақтөбе облысы бойынша Медиаторлардың Ұлттық палатасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрайымы, кәсіби медиатор С.Ш.Түлкібаева «Ақтөбе облысында медиацияны қолдану тәжірибесі, күрделі мәселелері және даму жолдары» тақырыбында баяндама оқып, азаматтық істерді медиация тәртібінде қарауда туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде келесі ұсыныстар келтірілді:

1) Ақтөбе облысының барлық орталықтарының медиаторларының кезекшілігін ұйымдастыру мақсатында сот ғимаратында Медиаторлар бұрышын жабдықтау; татуласу рәсімдерін енгізуге қатысты ақпараттық стендтер орналастыру;

2)Жоғарғы және жергілікті сот интернет көздерінде сот медиациясын енгізу бойынша мәліметті тұрақты түрде жариялау, медиация жөнінде тақырыптық бөлімдерді қалыптастыру;

3)Соттарда БАҚ, телеарналар арқылы татуласу рәсімдері мен медиация туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, телеарналарда судьялардың қатысуымен ақпараттық (пікірталастық) ісшаралар өткізу.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі