Архив событий

01/04/2016

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

01/04/2016

Хромтау аудандық сотында судья С.Жумашкинамен жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте мемлекеттік органдармен келтірілген моральдық зиянды өтеу бойынша қаралатын азаматтық істер талқыланды.

Бітімгершілік келісімі бекітілді

01/04/2016

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістер көзделген. Оның ішінде  бітімгершілік келісім институтын қолдану.

Мәртөк аудандық сотында 1 000 000 теңге өндіру туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілген.

Талапкер азаматша Ж. жауапкер А. қатысты 1 000 000 теңге өндіру және 10 000 теңге мемлекеттік баж қайтару туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Темір аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

01/04/2016

Темір аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген соттар ғимараттарындағы кіргізу-өткізу режимін күшейту туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот мамандары және МКҚБ ММ-нің полиция қызметкері қатысты.

Әйтеке би аудандық сотында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді

01/04/2016

Әйтеке би аудандық сотында «Сотқа кіргізу, шығару және ішкі объектілік режимі ережесін сақтау» туралы тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьясы М.Мұхамбетқалиев, кеңсе мамандары мен Әйтеке би аудандық Күзет қызметкерлері қатысты.

Сотпен татуласу келісімі бекітілді

01/04/2016

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотымен талапкер Ж. талап қою бойынша жауапкер С. 2 820 000  теңге қарызын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптардан татуласу келісімі ұсынылды, соған сәйкес6 жауапкер ерікті түрде 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін талапкерге 2 820 000  теңге  қарызын төлеуге міндеттенді, ал талапкер талап қоюдан бас тартты.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар сабағы өткізілді

01/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызметшінің ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Ақтөбе қалалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

01/04/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында «АПК жаңашылдықтарына сәйкес, жеке сот орындаушыларының ұсыныстарын санкциялау мен қанағаттандыру» және «Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жауапкершілікке тарту тәртібі» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық сотта азаматтарды қабылдау өткізілді

01/04/2016

Қарғалы аудандық сотының төрайымы Н.Аманкулованың азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.

Шараны өткізудің міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялылығын арттыру болып табылады. Сот төрайымының жеке қабылдауына Бадамша селосының тұрғындары келді.

Сот төрағасы қойылған сұрақтарға қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауап беріп, түсіндірді. 

Қылмыстық іс бойынша процестік келісім жасалды

01/04/2016

Темір аудандық сотымен жалған айғақ бергені үшін азамат А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, сотталушы А. сотта және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куә ретінде көрінеу жалған айғақ беру мақсатында, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен және 379-бабының 1-бөлігімен сотталған С. қатысты қылмыстық ісі бойынша сот отырысында куә ретінде жалған жауап берген.

Қарғалы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

01/04/2016

Қарғалы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодексін талқылау» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Н.Аманкулова, судья А.Шарипбаев және сот мамандары қатысты.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы Е.Қанапиев пен судьялардың қатысуымен «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.