Қарғалы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодексін талқылау» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы Н.Аманкулова, судья А.Шарипбаев және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы Н.Аманкулова  өз сөзінде, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Републикасының құқықтық саласын түбегейлі жақсартатын жаңа Азаматтық процестік кодекс әзірленгенін және  аталған кодекс азаматтық істерді қараудың тиімділігін, жеделділігін және бейтараптығын арттыруға, сот төрелігін атқарудың сапасын жетілдіруге, сот билігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Шара барысында жаңа кодекспен енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде дауларды медиация және партисипативті рәсімдер арқылы шешу, алдын-ала сот отырысын өткізу, сот талқылауына істерді дайындау, жеңілдетілген (жазбаша) сот ісін жүргізу, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда істерді қарау, істерді қараудың мерзімдері, азаматтық процесте прокурордың қатысуы жөніндегі ерекшеліктері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің жұмысын қортындылай келе қатысушылар жаңа кодекстің негізгі жаңашылдықтары әділ сот талқылауын қамтамасыз етудегі тиімділігі туралы пікір алмасты. Бұл бюрократия  мен қажетсіз құжаттар санының қысқаруына септігін тигізіп, адвокат немесе судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді қолдану арқылы істердің санын арттыратындығы айтылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі