Архив событий

28/04/2016

«Азаматтық процестегі сот дәлелдемелері» тақырыбындағы семинар

28/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық процестегі сот дәлелдемелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Е.Қанапиев және сот судьялары қатысты.

Жасөспірімге темекі сату

28/04/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының 133- бабының 1-бөлігімен азаматша Ж. қатысты әкімшілік іс қаралды Іс құжаттарға сай құқық бұзушы Ж. Ақтөбе қаласында орналасқан  «С» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған 2008 жылы туылған  Л. есімді балаға бір қорап «LD» темекісін сатқан.

Сот мәжілісінде әкімшілік құқық бұзушы Ж.. кәмелетке толмаған адамға темекі сатқанын  толық мойындаған.

Есірткі заттарды заңсыз сақтау және кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткізуге оқталу

28/04/2016

Мәртөк аудандық сотында  есірткі заттарды заңсыз сақтау және кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткізуге оқталу фактісі бойынша сотталушы В. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыптау актісіне сай 2016 жылы 20 наурызында сотталушы В. Ақтөбе қаласындағы «Бірінші Президентінің» саябағында есірткі зат –8,19 грамм марихуананы жұлып , оны кептіріп, өзінің пайдалануына заңсыз сақтаған.

Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

28/04/2016

Байғанин аудандық сотында 2016 жылы 1-ші тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қадірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Өз сөзінде сот төрағасы Ж.Қуанышев статистиқалық мәлеметтерді келтірді.

Аса ірі мөлшерде героинды тасымалдаған

28/04/2016

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 4-тармағы бойынша (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Алматы қаласының тұрғыны азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

28/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» АҚ  «А» КМК-нан қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер«К» АҚ жауапкер«А» КМК-нан  5 417 292,26 теңге және мемлекеттік баж 162 519 теңге көлемінде қарыз соманы өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

«К» АҚ мен «А» КМК арасында тауарлы газдың бөлшек саудасын өткізу туралы келісім жасалған шарт бойынша борышкер өзіне жеткізілген газ үшін төлем төлеу міндетін алған.

Тараптар татуласқан

28/04/2016

Шалқар аудандық сотында тұрғынжайға заңсыз кіру арқылы, бөтен мүлікті жасырын ұрлау фактісі бойынша айыпталған А. қатысты қылмыстық іс қаралды.