Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» АҚ  «А» КМК-нан қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер«К» АҚ жауапкер«А» КМК-нан  5 417 292,26 теңге және мемлекеттік баж 162 519 теңге көлемінде қарыз соманы өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

«К» АҚ мен «А» КМК арасында тауарлы газдың бөлшек саудасын өткізу туралы келісім жасалған шарт бойынша борышкер өзіне жеткізілген газ үшін төлем төлеу міндетін алған.

«К» АҚ  жоғарыда аталған шарттың талаптарына сай, газ жеткізу бойынша шарттық міндеттемесін толық көлемде орындаған, алайда борышкер шарт міндеттемесін бұза отырып төлем төлеу тәртібін сақтамаған.

2016 жылдың 14 наурызында «А» КМК-ның «К» АҚ алдындағы дебиторлық берешегі 5 417 292,26 теңгені құрайды.

Сот отырысына дайындық кезінде тараптардың өкілдерінен бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсті, оның шарттары бойынша «А» КМК талап арызды  мойындап 92 292,26 теңгені 2016 жылдың 29 сәуіріне дейін  «К» АҚ-ның банктік есеп шотына аударуға міндеттенетінін көрсеткен.  

Талапкер жауапкерге қойған талабынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен «К» АҚ мен «А» КМК арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: