Сот 60 миллион теңгеге жуық берешекті өндіру туралы дауды медиация тәртібінде реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір ЖШС екіншісінен 52 006 819 теңге берешекті, 2 164 872  теңге тұрақсыздық айыбын және 5 200 000 теңге көлеміндегі өкілдік шығындарын өндіру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы мен жауапкер арасында 2019 жылда кен орындарындарындағы ұңғыманы жөндеу жөніндегі келісімшарт жасақталған. Дау бір ЖШС-пен келісім шарттарын орындамай, салдарынан берешектің пайда болуынан туындады.

Істің қаралуы барысында сот дауласқан тараптардың диалогы үшін жағдай жасау, іскерлік қатынастарды қалпына келтіру мақсатында оларға дауды медиация тәртібінде реттеудің тәртібін, салдары мен артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар ымыраға келіп, медиативтік келісім жасақтады.

Сот тараптар ұсынған келісімді бекітті. Келісімге сәйкес,  талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты, ал жауапкер талап қою арызын мойындап, талап қоюшыға 52 006 819 тенге қарызды және өкілдік қызмет үшін  5 200 000 тенгені төрт бөліп, 2021 жылдың қаңтарына дейін төлеуге міндеттенді.

Азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Талап қоюшыға төленген 1 625 204 теңге мемлекеттік баж қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Осылайша тараптар ұзақ сот талқылауынан құтылып, іскерлік қатынастарын сақтап қалды.

Источник: 
Ақтөбе облысының МАЭС баспасөз қызметі
Теги: