АОМЭС

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

28/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» АҚ  «А» КМК-нан қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер«К» АҚ жауапкер«А» КМК-нан  5 417 292,26 теңге және мемлекеттік баж 162 519 теңге көлемінде қарыз соманы өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

«К» АҚ мен «А» КМК арасында тауарлы газдың бөлшек саудасын өткізу туралы келісім жасалған шарт бойынша борышкер өзіне жеткізілген газ үшін төлем төлеу міндетін алған.

«Мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел

18/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облстық сотының судьясы Ж.Әлішева және экономикалық соттың судьялары қатысты.

Судья Бисенова Ляззат Мырзалықызы баяндама оқыды.

Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.

Кедергілерді жою туралы дау бітімгершілік келісіммен шешілді

11/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» ЖШС «Б» ПИК-не кедергілерді жою туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «К» ЖШС «Б» ПИК-не көп пәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы қоршауды алу жолымен кедергілерді жою туралы арызбен сотқа жүгінген.  

Көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары «К» Сауықтыру орталығынан тұрғын үйге дейінгі аумақ темір ауламен қоршап, бұл «К» СО ғимаратына шұғыл қызметінің жүру жолына кедергілерді туындатқан.

В специализированном межрайонном экономическом суде Актюбинской области проведен брифинг

07/04/2016

Кеше Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдері: «Актобе таймс» газетінің корреспонденті және «Рика ТВ» телеарнасының қатысуларымен қоғамдық қызығушылық туғызған сот істері бойынша брифинг өткізілді.

Баяндамашылар ретінде осы соттың судьялары: А.М.Жүсіпов, Л.М.Бисенова, М.К.Шарипова қатысты.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

06/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұл өндіруді сұрап сотқа шағымданған.

Сот мемлекет пайдасына 1 116 040 теңге көлемінде қаражат өндірді

05/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің «КазПромСтройГрупп» ЖШС-нен  қарыз сомманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.