Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұл өндіруді сұрап сотқа шағымданған.

2014 жылы жеткізілім келісім-шарты негізінде «О» ЖШС жалпы құны 29 301 945 теңгеге фитинг сатып алды. Алынған тауарға «О» ЖШС ішінара төлем жасап, қалған қарыз сомасы 1 000 000 теңгені құрады. Тараптар арасында жасалған қосымша келісімге сай, 29.01.2016ж. жай-күйі бойынша ҚР Ұлттық Банкінде евро курсының өсуімен байланысты 2 759 937,76 теңге көлемінде қарыз соммасы есептелінді, сондай-ақ 452 800 теңге көлемінде өсімпұл есептелінді.

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсіп, оның шарттары бойынша: талапкер «P» ЖШС жауапкер «О» ЖШС-нің 1 000 000 теңге көлемінде қарыз сомасын төлеуіне байланысты қалған қарыз соманы кешіріп, бұдан әрі «О» ЖШС-не бұл дау бойынша талап қоймайтын болды. 

5 сәуір 2016 жылғы сот ұйғарымының негізінде «P» ЖШС мен «О» ЖШС арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі