«Мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облстық сотының судьясы Ж.Әлішева және экономикалық соттың судьялары қатысты.

Судья Бисенова Ляззат Мырзалықызы баяндама оқыды.

Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының статистикалық есебіне сай, мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану туралы 2015 жылы 9 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 4 іс бойынша талап қанағаттандырылып, шешім шығарылды, 4 іс бойынша талапты қанағаттандырудан бас тартылған және 1 іс бойынша талап арыз қараусыз қалдырылған.

Ағымдағы жылдың 3 айында аталған санат бойынша сотпен 2 іс қаралған, оның 1 ісі бойынша талап қанағаттандырусыз қалдырылса, 1 іс бойынша талап арыз қараусыз қалдырылған.

Бір азаматтық істі қоспағанда, қалған барлық істер бойынша талап арыздар Ақтөбе облысының қаржылық бақылау инспекциясы  уәкілетті органынан түскен.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен жіберілген кемшіліктер мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттарды даулауға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысуға жіберілмеген немесе құқық қорғау органдарының нұсқауымен әлеуетті өнім берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылған бақылаулардың нәтижесі бойынша өз бастамасымен талап арыздар берілген.

Шара қатысушылары тақырыпқа қатысты сұрақтарды талқылап, оның маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында судья Ж.Әлішева қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі