Архив событий

05/04/2016

Ойыл аудандық орталық кітапханасында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі дөңгелек үстелге қатысты

05/04/2016

Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева Ойыл аудандық орталық кітапханасында өткізілген дөңгелек үстелде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.

Темір аудандық сотында марихуананы тасымалдағаны үшін кінәлі жауапкершілікке тартылды

05/04/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлімі бойынша айыпталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалына сай, азамат Б. есірткілік мас күйінде Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында «ВАЗ 21074» маркалы көлік құралын басқару кезінде өзінің күртесінде қағаз орамына салынған салмағы 2,01 грамм кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз, өзіне пайдалану үшін заңсыз сақтаған.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Медиация туралы» ҚР Заңы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

05/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Медиация туралы» ҚР Заңы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, медиатор және адвокаттар қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – «Медиация туралы» ҚР Заңындағы жаңа өзгертулер, қазіргі заң талабына сәйкес сот процесіндегі медиациялық бітімгершіліктің рөлі, азаматтық істердің медиация тәртібімен шешілуін талқылау.

Есірткі затын заңсыз тасымалдағаны үшін сотталды

05/04/2016

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-тармағымен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Маңғыстау облысының азаматы Н.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

05/04/2016

Қобда    аудандық   сотында «Медиация қылмыстық сот өндірісінде» тақырыбында  дөнгелек  үстел  өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев,  кәсіби   емес  медиатор  С. Даржанов,   аудандық  прокуратура мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және соттың мамандары қатысты.

Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін республика аумағынан шығарылды

05/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы О.М.Аштаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

 

Азамат О.М.Аштаровтың құжаттарын тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, мерзімін өткізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлімі бойынша құқық бұзушылық жасаған.

                   

Әйтеке би аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

05/04/2016

Әйтеке би аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараны сот төрағасы А.Әбдіров «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен өткізді.

Жиында сот төрағасы Әйтеке би аудандық сотының өндірісінде 2016 жылдың 1 тоқсанында 40 қылмыстық іс, 63 азаматтық іс, 88 әкімшілік іс қаралғанын және істер санаты бойынша атап өтті.

Сот мемлекет пайдасына 1 116 040 теңге көлемінде қаражат өндірді

05/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің «КазПромСтройГрупп» ЖШС-нен  қарыз сомманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

05/04/2016

Хромтау аудандық сотында судья С.Т.Жумашкина жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен бала асырап алу туралы азаматтық істердің қаралуы жөнінде брифинг өткізді.

Шара барысында судья азаматтық процестік кодекстің жаңа талаптарына сай,  арызданушының өтініші болған жағдайда бала асырап алу туралы азаматтық істерді аудандық соттарда қарауға жол берілетіндігін айтты.

М.Байгруновқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

05/04/2016

«Экспресс К» республикалық газетінде «Он человека убил или банку огурцов украл» атты ағымдағы жылдың 31 наурызында жарияланған мақаласына қатысты төмендегідей хабарланады.

Ақтөбе қаласының №2 сотының 28 наурыз 2016 жылғы үкімімен Мурат Берикович Байгрунов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға сотталған.