Архив событий

27/04/2016

Ақтөбе ақпараттық орталығының алаңында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмыстар қорытындыланды

27/04/2016

Ақтөбе ақпараттық орталығының алаңында өткізілген брифингте Ақтөбе облысы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысын журналисттерге хабардар етті.

«Татуластыру рәсімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

27/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы Е.Қанапиев және сот судьялары қатысты.

Судья өз баяндамасында судья Әлия Назарова, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатынын, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетінін атап өтті. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Бөтен мүлiктi талан-таражға салу фактісі бойынша үкім жарияланды

27/04/2016

Алға аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 3 бөлімі 1 тармағымен айыпталған Н.ға қатысты қылмыстық іс қаралды (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызметтік бабын пайдаланып ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Әйтеке би аудандық сотында тергеу судьясы туралы сұрақтар талқыланды

27/04/2016

Әйтеке би аудандық сотында тергеу судьясымен Қылмыстық процестік кодексі қолдану және осы бағытта 2015 жылы бойынша талдау жасау сұрақтары бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинарға сот төрағасы А.Әбдіров,  тергеу судьясы М.С.Мұхамбетқалиев, Әйтеке би  ауданының ІІБ-нің өкілдері, аудан прокуратурасының өкілдері және «Жаңалық жаршысы» газетінің өкілі қатысты.

«Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы брифинг

27/04/2016

Хромтау аудандық сотында «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың  «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында брифинг өткілізді.

Брифинг барысында судья Е.Жеткерген, Қазақстан Республикасы ҚР ӘҚБтК 613 - бабының 1 – бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған, яғни ішкі істер органдарының көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау жөнінде М. қатысты әкімшілік іс бойынша ақпарат берді.