Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталған П. қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке судья М.Сисенова мен жергілікті «Эврика» газетінің тілшісі Д.Матвеев қатысты.       

Айыптау актісіне сәйкес, 2015 жылдың желтоқсанында П. азаматтық некедегі жұбайы Ш., таныстары Д. және О. алкогольдік ішімдіктерін ішкен. Содан кейін Д. және О. кетіп қалды, оларды Ш. шығарып салып, үйіне қайтып келгенде арақ алу үшін ақша сұрап, П.-ның қайтарған жауабына қанағаттанбай,  екеуінің араларында өзара жанжал туындаған. Ш. алкогольдік масаң күйінде П.-ге тиісе бастап, соңғының бас тұсына қарай бірнеше соққы жасаған. Содан кейін П. алкогольдік еліту күйінде ас бөлмеге барып, асханалық пышақты алып, аталған пышақпен Ш.-ға бірнеше соққы жасаған.

Алған соққылардан азамат Ш.-ға ауыр дене жарақаттары келтіріліп, нәтижесінде қайтыс болған.

Сот үкімімен сотталушы П. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: