брифинг

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында брифинг өтті

05/08/2016

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья Ж.Кунаевамен   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабының 1 бөлігімен (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) А.Тынымкуловаға қатысты  әкімшілік ісі бойынша түсініктеме берілді.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында брифинг өткізілді

02/08/2016

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен брифинг өтіп, сот төрағасы А.Сабыров Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293 бабының 2 бөлігі 3 тармағы  бойынша (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) С.Оразовқа қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.        

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

02/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотталған азаматша К. қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді. 

Қылмыстық іс бойынша брифинг

29/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1- бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотталған К.-ге қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді. 

Қылмыстық іс бойынша брифинг

28/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті «Актобе таймс» газетінің журналисті Т.Токарьдың қатысуымен брифинг өткізілді.

Аудандық сотында брифинг өткізілді

22/07/2016

Хромтау аудандық сотында, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қолдану туралы брифинг өткізілді.

Қобда аудандық сотында брифинг өткізілді

19/07/2016

Қобда аудандық сотында  «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай  қатысуымен «Медиация Заңының қолданылуы» туралы тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Анарбаев, жеке және заң тұлғаларының қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқада құқықтық қатынастарының, жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу барысында медиацияның ерекшеліктері,  медиация процедурасын өткізу тәртібін және талаптарын атап өтті. Ағымдағы жылдың 6 айында  сотпен Медиация Заңын қолданып 21 азаматтық іс және 9  қылмыстық істердің медиаторлык келісім бойынша қаралғандығын айтты. 

Ақтөбе қалалық сотында брифинг берілді

14/07/2016

Ақтөбе қалалық сотының судьялары «Керек-Инфо» жергілікті газетінің тілшісі Ж.Есмағамбетоваға қоғамдық қызығушылық туғызған істер бойынша брифинг берді.

Мартөк аудандық сотында брифинг өткізілді

04/07/2016

2016  жылдың 04 шілдесінде Мәртөк аудандық сотында  бұқаралық ақпарат құралы жергілікті басылымы «Мәртөк тынысы» тілшісі  А.Қалпиеваның қатысуымен « Нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде сот бұйрығын шығару. Сот кабинеті сервисі бойынша» тақырыбына брифинг өткізілген.

Баяндамашы кеңсе меңгерушісі Бекмухамбетова Динара.

Беттер