Қарғалы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елімізде 2013 жылдың 23 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен 23 маусымды «Мемлекеттік қызметші»  күні деп жариялады, осы  мерекеге сай, Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.Аманкулованың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші - халық қызметшісі» атты  тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шараға  мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Мемлекеттік қызметші –халық пен қоғам арасын жалғастырып отыратын алтын көпір. Халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. Жылдар сайын мемлекеттік қызметшіге деген талап жоғары және жүктелетін міндеттің ауқымы да зор.Аталған іс шара мақсаты әділдік, адалдық, табандылық сияқты халыққа қызмет етудің басты мәндерін насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің имиджін дамыту. Аталған бағыттарда мемлекеттік қызметтің моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуде әрбір мемлекеттік қызметші белсенді болуы және мемлекеттік қызмет мінсіз міндет болуы қажет. Іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру  азаматтық парызымыз деп шешім қабылдады.

Отырыс соңында сот төрағасы Н.Аманкулова мемлекеттік қызметшілерді  мерекелерімен  құттықтап, жұмыстарына табыс, дендеріне саулық тіледі.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі