Архив событий

24/06/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаңа судья тағайындалды

24/06/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №283 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығымен Амангали Дошымбетович Каржауов Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

24/06/2016

Хромтау аудандық сотында судья С.Жумашкинамен, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері талқыланды.

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/06/2016

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүесі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында  дөңгелек үстел болып өтті. Шараға Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция өкілдері, Қандыағаш стансасының желелік полиция бөлімінің қызметкерлері, Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.