Мас жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Б.Д-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б.Д. Байғанин ауданы, Жарлы ауылы, Болат жолы көшесінің бойында алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Б.Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі