Архив событий

14/06/2016

Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапқа тартылды

14/06/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, азамат А. «Самара –Шымкент» тас жолында Қазақстан Республикасының Жол қозғалыс ережелерін бұзып, «Лада» автокөлігін басқарып келе жатып, өрлеудің соңында және көруі шектелетін жол учаскелерінде  жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығумен басып озып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.