Архив событий

03/06/2016

Ақтөбе қалалық сотында брифинг өткізілді

03/06/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара ынтымақтастық жетілдіру мақсатында брифинг өткізілді.

Брифингке сот судьялары және аймақтық «Эврика» газетінің тілшісі Д.Матвеев пен «Диапазон» газетінің тілшісі Б.Асылбек қатысты.

Ақтөбе қалалық соты бокс бапкерін қайта жұмысқа орналастырды

03/06/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер  А. жауапкер КММ-нен жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жою, бұрынғы лауазымға қайта орналастыру, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін 274 648 теңге көлемінде еңбекақы, 50 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында талапкер бұйрыққа сәйкес КММ-де бокс бапкері лауазымында қызмет атқарғандығы анықталды.

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды

03/06/2016

Ырғыз  аудандық сотында  Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 383-бабының  3-бөлігімен  (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу)   бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

03/06/2016

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтің қабылдауына Шалқар қаласының тұрғыны Г.Аюпованың азаматтық іске өкіл болып қатысу тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу мақсатында сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша келушіге заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.