Архив событий

08/06/2016

Облыстық соттың судьясы "Адам және Заң" бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

08/06/2016

Ақтөбе облыстық сотының судьясы М. Жарқынбеков "Қазақстан-Ақтөбе"  ТРК АҚ телеарнасының «Адам және заң» бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және БАҚ-пен байланыс атты тақырыбында тікелей эфирге қатысты.

Бағдарлама барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимыл мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қабылданған шаралар талқылады.

Шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Қарғалы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының  2-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) бойынша Ресей Федерациясының азаматы Х.Н.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.Көші-қон карточкасына сәйкес, Х.Н.-ның Қазақстан Республикасының аумағында болу уақыты 2016 жылдың 07 мамыры

Қоғамдық жұмыстарға тартылған

08/06/2016

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық соты азамат У-ға қатысты қылмыстық іс қарады.Сотта,  азамат У. алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерінің өкіліне  былапыт сөз сөйлеген. Полиция қызметкерлерінің ескертуіне ер адам басқыншылық көрсетіп, билік өкiлiне балағат сөздер айтқаны анықталды.Сот үкімімен азамат У. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-баб. 1-бөл., 379-баб.1 бөл.

Автокөлікті мас күйінде басқарған

08/06/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608 бабының             6  бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), азамат Ә.Т-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Алкоголь өнімін өткізу заңнамасының талаптарын бұзды

08/06/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен жеке кәсіпкер Т-қа қатысты әкімшілік іс қаралды (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу).

Сот орындаушысының борышкерге іздеу жариялау туралы ұсынысы қаралды

08/06/2016

07.06.2016ж. Хромтау аудандық сотымен сот орындаушысының борышкерге іздеу жариялау туралы ұсынысы қаралды. Борышкердердің атқару құжаттарында көрсетліген мекен-жайлар бойынша тіркеуде болғанымен, ол жерлерде тұрмайтынына байланысты соттар бұндай ұсыныстарды жиі қарайтынын атап өту қажет. Көбіне борышкерлердің алимент міндеттемелері бойынша үлкен берешектері бар. Алайда олардың тұрақтанған жерлерінің белгісіздігіне байланысты, жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында салтанатты шара өткізілді.

08/06/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында салтанатты шара өткізілді.

Сот ұжымы судья Мадина Абаевна Сисенованы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 мамырындағы № 271 Жарлығымен облыстық сот судьясы лауазымына тағайындалғанымен щын жүректен құттықтады.

Сот судьялары судья М.А.Сисеноваға жылы лебіздерін білдіріп, жұмыста табыс, отбасына аманшылык тілеп, естелік сыйлығын сыйлады.   

Әйтеке би аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті.

08/06/2016

Әйтеке би аудандық сотында 2016 жылдың 5 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараны сот төрағасы А.Әбдіров, «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен өткізді.

Әйтеке би аудандық сотының өндірісінде 2016 жылдың бес айында 51 қылмыстық іс, 96 азаматтық іс, 141 әкімшілік іс қаралғанын сот төрағасы атап өтті. «Сот кабинеті» электрондық сервисі бойынша және ҚР жаңа заңдарды түсіндіру жөнінде де семинарлар, дөңгелек үстелдер, брифингтер жүргізілгені түсіндірілді.

 

2016 жылдың 5 айының жұмысы қорытындылды

08/06/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 5 айдың жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Аталған шараға судья А.Молдағалиев пен жергілікті «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Санат Раш қатысты.

Қобда аудандық сотында баспасөз маслихаты өтті

08/06/2016

Қобда аудандық сотында  7 маусым  2016 жылы кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова және БАҚ өкілі А.Егізбайдың қатысуымен  ҚР ЖС сайтында орналастырылған «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібін түсіндіру жөнінде пресс-конференция  өткізілді.