Архив событий

30/06/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

30/06/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті «Актобе таймс» газетінің журналисті Т.Токарьдың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева сотталғандар Н. және К. қатысты қаралған қылмыстық іс туралы түсініктеме берді.

«Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері»

30/06/2016

Байғанин аудандық сотында соттың ашықтығын, жариялылықты қамтамасыз ету, сот жүйесінің имиджін жоғарылату және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында сот жүйесі саласында жүзеге асырылып жатырған іс-шараларды халыққа БАҚ арқылы насихаттау мақсатында: «Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. Оған Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадір қатысты. 

«Жастар және сот жүйесі»

30/06/2016

Мұғалжар аудандық сотымен 30.06.2016 жылы «Жастар патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Ж.Табылғановтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында «Жастар және сот», «Сот жүйесіндегі жастардың рөлі» атты мәселелер талқыланды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

30/06/2016

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотында талап қоюшы С. жауапкер А. қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер А. талап қоюшы С.  қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.

Мұғалжар ауданының №2 сотында баспасөз-маслихаты өтті

30/06/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетов, Ембі және Жем қалалық әкімиаттарының, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, медиаторлар, басқа мекемелер өкілдерінің қатысуларымен «Еңбек дауларын сотта шешудің өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Қайталанып жасалған құқық бұзушылық

30/06/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3 тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасаған Л. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ақтөбе қалалық сотында 2016 жылдың 5 айының қорытындылары бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

30/06/2016

Ақтөбе қалалық сотында 2016 жылдың 5 айының жұмысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық туғызған істерге қатысты баспасөз маслихаты өткізілді.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

30/06/2016

Қарғалы аудандық сотында  талапкер К.М.  К.Т қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер К.Т. талапкер К.М.  қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.

Мұғалжар №2 аудандық сотында брифинг өткізілді

30/06/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья А.Сабыровпен ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлімі 3 тармағымен сотқа берілген Б. қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Жасөспірімге темекі сату

30/06/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының 133- бабының 1-бөлігімен азаматша А. қатысты әкімшілік іс қаралды.