Архив событий

07/06/2016

Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

07/06/2016

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында облыстық сот судьяларының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 мамы

Партисипативтік келісім бекітілді

07/06/2016

Әйтеке би аудандық сотында  ерлi-зайыптылардың арасында мүлік бөлу туралы азаматтық іс бойынша адвокаттардың қатысуымен партисипативтік келісім бекітілді.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, осы мүлiктегi үлестерiн және қарсы талап қою бойынша   даулы үйді бағалау үшін сот тауарлық сараптама тағайындау, ортақ мүліктің ½ бөлігі соммасын өндіру және несиені ортақ борыш деп тану туралы сұраған.

Алға аудандық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбына семинар өтті.

07/06/2016

Алға аудандық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбына семинар өтті.

 Семинарда кеңсе меңгерушісі Р.Ташева сот мамандарына  «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі арқылы электрондық атқару парағын жолдау тәртібін түсіндіріп, көрсетті.

Шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзуы

07/06/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, Өзбекстан республикасының азаматы Г.С.  2016 жылғы 07 наурызда Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен “Бейнеу” КБ арқылы өтіп келіп, Алға аудандық ІІБ көші-қон полициясына  2016 жылғы наурыз айының 11-нен сәуір айының  6-на дейін, одан кейін 05 мамырға дейін  уақытша, Алға қаласы, Рабочая көшесі, № 37/А үйде тіркелген.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

07/06/2016

Хромтау аудандық сотында судья С.Т.Жумашкинамен, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 608 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық турады  істерді қарау ерекшеліктері талқыланды.

Лицензиясыз арақ өнімдерін сатқан

07/06/2016

Ойыл аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) азаматша С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта брифинг өтті

07/06/2016

Мұғалжар аудандық сотында судья Н.Е.Кендиярованың және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің редакторы А.Есқараның қатысуымен «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» атты тақырыпта брифинг өтті.

Мартөк аудандық сотында семинар өткізілді

07/06/2016

Мәртөк аудандық сотының кеңсе бас маманы А.Утаралинамен Мәртөк аудандық Істер бөлімінің қызметкерлер арасында «Сот кабинеті»   ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу бойынша және мемлекеттік орган арасында электрондық құжат айналымы бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілген. Көрнекті түрде  электрондық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алу. Түсіндіру жұмыстарының аяғында өткізілген іс шара бойынша өзара жемістік әріптестік үшін, екі жақ бір біріне алғыс айтты.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

07/06/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «F» АҚ-ы ЖК Б. қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «F» АҚ-ы ЖК Б. 27 659 801 теңге көлемінде қарыз соманы өндіруді сұрап сотқа шағымданған.

«F» АҚ-ы мен ЖК Б. арасында келісім-шарт негізінде бекітілген қайта қалпына келтірілмейтін несие желісін ашу туралы келісім бекітілген.

Еңбек ақыны төлемей әкімшілік айыппұлға тартылды

07/06/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 87 бабының 1-бөлімі бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі) шаруашылық субъектісіне (ЖШС) қатысты әкімшілік іс қаралды.

Темір аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

07/06/2016

Темір аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңесті кеңсе меңгерушісі Г.К.Жеребова жүргізді. Жедел мәжілісте сот кеңсесінде кіріс-шығыс қағаздардың тіркелуі, сот мұрағатының, азаматтық талдау бөлімінің, бас маман сот отырысы хатшысының жұмысының жүргізілуі талқыланды.

Сонымен қатар, жедел кеңесте кеңсе меңгерушісі бас маман сот отырыс хатшыларына дыбыс-бейне техникалық құралдарын барлық істерге жүз пайызда сапалы түрде қолдану тиіс екекндігін түсіндірді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық -процестік кодексіне сай қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалу тәртібі

07/06/2016

Қарғалы аудандық соты мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сай қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалу тәртібі» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын жүргізген аудандық соттың судьясы А.Шарипбаев қатысушыларға Қылмыстық-процестік кодекстің 9 тарауында қаралған «Сот шешімдерінің орындалу»  тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.