Архив событий

02/06/2016

Шалқар ауданында медиация кабинеттері ашылды

02/06/2016

Шалқар ауданында  аудан әкімдігінің ғимаратында  салтанатты жағдайда медиация кабинеті ашылды.  

Шараға аудан әкімі Е.Данағұлов, сот төрағасы О.Бақтыгереев және кәсіпқой емес медиатор Е.Абдікәрім, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері   қатысты.

Әкімдіктердің жанынан медиация кабинеттерін құрудың басты мақсаты- соттардың шалғай орналасқан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау, оның ішінде сот және жол шығындарын үнемдеу болып табылады.

«Сот тәжірибесінде моральдық зиянды өтеу жөніндегі қорытуды талқылау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

02/06/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот тәжірибесінде моральдық зиянды өтеу жөніндегі қорытуды талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы Е.Қанапиев және сот судьялары қатысты.

Ақпараттық технологиялар туралы брифинг

02/06/2016

Қарғалы аудандық сотында  «Қарғалы»  газетінің тілшісі Б.Имашевтың қатысуымен электронды үкімет порталы және «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы  сот отырысы хаттамаларымен танысу туралы, сот отырыстары үн-бейне жазбаларының көшірмелерін сұрау,  сот актілерін көшірмелерін сұрау, сот отырыстарының хаттамаларына ескертпе келтіру туралы арыздар мен аппеляциялық шағымдарды тапсырылуы тақырыптарында брифинг өткізілді.