Архив событий

21/06/2016

Ақтөбе облыстық сотында «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесі салтанатты түрде атап өтілді

21/06/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында осы мерекеге арналған салтанатты жиын өтті. Онда кеңсе басшысы Ә.Ғ.Мәмбетов кіріспе сөзімен барлық мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Қобда аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг өткізілді

21/06/2016

2016 жылдың 20 маусым  күні Қобда аудандық сотында   «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг  өткізілді, брифингке судья  Ш.Есжанова   және «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай қатысты.

Брифинг өту барысында судья   Ш.Есжанова   ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.

Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

21/06/2016

Бүгінгі таңда сот жүйесіндегі барлық салалар бойынша сот қызметтері туралы ақпараттардың, сондай-ақ сот төрелігінің  ашық, қолжетімді әрі айқын болуына аса мән берілуде.

Осыған орай, Мұғалжар аудандық сотында  азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Дау татуласу келісімімен аяқталды

21/06/2016

Ойыл аудандық сотында талапкер Г-ның жауапкер А-ға құрылысты заңсыз деп тану, материалдық және моральдық өтемақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жауапкер екі пәтерлік тұрғын үйдің өзіне тиесілі жағын ешқандай рұқсатсыз бұзып жаңа бөлек үй салуды бастаған, нәтижесінде екінші пәтерде апаттық жағдай туындаған.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

21/06/2016

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья Ж.Кунаевамен   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 541 бабымен (тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу) «GL» ЖШС-не қатысты  әкімшілік ісі бойынша түсініктеме берілді.

«2016 жылғы 5 айда Байғанин аудандық сотында қаралған көліктегі құқық бұзушылықтардың нәтижелері»

21/06/2016

Байғанин аудандық сотында 2016 жылы 5 айда қаралған көліктегі құқық бұзушылық істердің қорытындысы туралы «2016 жылғы 5 айда Байғанин аудандық сотында қаралған көліктегі құқық бұзушылықтардың нәтижелері» деген тақырыпта Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен брифинг өткізілді.

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

21/06/2016

Мұғалжар аудандық сотында 19 шет ел азаматтарына қатысты қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өтті. Брифингке аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқара қатысты.