«2016 жылғы 5 айда Байғанин аудандық сотында қаралған көліктегі құқық бұзушылықтардың нәтижелері»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында 2016 жылы 5 айда қаралған көліктегі құқық бұзушылық істердің қорытындысы туралы «2016 жылғы 5 айда Байғанин аудандық сотында қаралған көліктегі құқық бұзушылықтардың нәтижелері» деген тақырыпта Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен брифинг өткізілді.

Төрағаның м.а. Ә.М.Бисеналина есепті кезең ішінде аудандық сотта Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) барлығы 14 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 12 жүргізуші 3 жыл мерзімге көлік басқару құқықтарынан айырылғандығы, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша көлік басқаруға құқықтары жоқ 2 адамға жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылғандығы;

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) 4 әкімшілік іс қаралып, әр қайсысына он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынғандығы; 

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) – барлығы 3 қылмыстық істер түсіп, оның 3-не де соттың үкімі шығарылып, айыппұл салынып, 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқықтарынан айыру туралы жазалар тағайындалғаны; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларының талаптары туралы айтты және баспасөз өкілінің қойған сұрақтарына жауаптар берді. 

Шара барысында Ә.М.Бисеналина редактор Ұ.Қ.Қадірдің қойған сұрақтарына жауаптарын берді.      

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі