Дау татуласу келісімімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында талапкер Г-ның жауапкер А-ға құрылысты заңсыз деп тану, материалдық және моральдық өтемақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жауапкер екі пәтерлік тұрғын үйдің өзіне тиесілі жағын ешқандай рұқсатсыз бұзып жаңа бөлек үй салуды бастаған, нәтижесінде екінші пәтерде апаттық жағдай туындаған.

Азаматтық істі сотта талқылау кезінде тараптар татуласу келісімін бекіту туралы арызбен жүгінді. Шарт талаптарына сәйкес жауапкер белгілі мерзімге дейін талапкердің қорғаушы көмегіне, смета құнына кеткен шығындарын төлеуді, екі үйдің ортасын бітеп, төбесін жабуды міндетіне алды. Бұл татуласу келісімі сотпен бекітілді, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі