Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті «Актобе таймс» газетінің журналисті Т.Токарьдың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева сотталғандар Н. және К. қатысты қаралған қылмыстық іс туралы түсініктеме берді.

Сот үкіміне сәйкес, 2016 жылдың қаңтарында сотталушы Н., азаматтық некедегі зайыбы К. бірге, Ақтөбе қаласына қыдырып келіп, пәтер жалдаған. Келесі күні, түскі уақытта Н. мен К. үйдің алдында бұрын таныс емес, 1925 жылы туылған, Л. кездестіріп, амандасқан. Соңғы қарттық жасына байланысты  К. әңгімелелесіп, сол үйдің пәтерінде жалғыз өзі тұратынын айтқан. Спирттік ішімдіктерін ішу барысында сотталушы К. Л. пәтерде жалғыз тұратынын сотталушы Н. айтқан. Сол күні түн ортасында сотталушылар, алкогольдік еліту күйінде, алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, жәбірленуші Л. пәтеріне барған. Ас үй бөлмесінде дастархан басында отырып, біраздан соң Л. төргі бөлмеге бара жатқанында Н. жұдырығымен оның иегінен бір рет ұрып, еденге құлатқан, ал К. пәтерден ақша іздей бастап, ақша талап еткен. Содан кейін сотталушылар адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру мақсатында жәбірленушіні жіппен мойнынан қылғындыру арқылы өмірімен қош айтыстырған. Пәтерден 2000 теңге көлемінде ақшалай және бірнеше затты қарақшылықпен жымқырып, қылмыс орнынан бой тасалап, қашып кеткен.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабы 2 бөлігінің «1,4» тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып қарақшылық жасау),  99-бабы 2 бөлігінің «7,8» тармақтары (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу белгіленді. Сотталушы Г. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабы 2 бөлігінің «1,4» тармақтары,  99-бабы 2 бөлігінің «7,8» тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі