«Қарап-тексеру, тінту, және алудың құқықтық негіздері» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қарап-тексеру, тінту, және алудың құқықтық негіздері» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте судья А.Молдағалиев пен жергілікті «Актобе таймс» газетінің тілшісі қатысты.

Қазіргі таңда енгізілген өзгертулерді ескере отырып, заңшығарушының нақты белгілегені Қазақстан Республикасы ҚПК-сі 220-бабының 13 п. сәйкес тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсуiмен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргiзiлмейдi, - деп судья атап өтті.

Одан әрі заңшығарушы тұрғын үйді мәжбүрлеп тінту және алуда көрсетілген талаптарға сәйкес мәжбүрлеп қарап-тексерудің рәсімдерін келтірді. Мұндай іс-әрекеттер адамдардың тұрғын үйге және жеке меншіктеріне қолсұқпаушылық конституциялық құқықтарына байланысты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3 п.сәйкес, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды, егер бұған соттын шешімі болмаса.

Брифингті қорытындылай келе, судьяның берген түсініктеме жұмыстары үшін Т.Токарь алғысын білдірді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: