Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, азамат А. «Самара –Шымкент» тас жолында Қазақстан Республикасының Жол қозғалыс ережелерін бұзып, «Лада» автокөлігін басқарып келе жатып, өрлеудің соңында және көруі шектелетін жол учаскелерінде  жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығумен басып озып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысы бойынша азамат А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлімі бойынша (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) айыпты деп танылып, оған 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы белгіленді.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі