Арнайы қызмет көлігінің қозғалысына басымдық бермеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат К. 2017 жылғы  31 мамыр күні 12 сағат 00 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Бөгенбай-батыр көшесі мен Пугачев көшесінің қиылысында, «Daewoo Matiz»  автокөлігін басқару барысында, Жол қозғалысы ережесінің  6.2 тармағының талабын бұзған, атап айтқанда, көк түсті жарқылдауық маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар «Жедел жәрдем» көлігінің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатпай,  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  598 бабының 2 бөлімінде (сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Азамат К. сот қаулысымен кінәлі деп танылып, ол  15 883   теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: