Ұрып-соққаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қандыағаш қаласының тұрғыны А-қа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 109-бабы  негізінде қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, А. Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданында бірге тұрып жатқан Ж-мен араларындағы қарым-қатынасты айқындау барысында ұрыс шығарып, ұрып соғу және тән ауруына үшырату мақсатында, Ж-ның сол жақ құлақ аймағы тұсынан жұдырығымен соққы жасап, ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан.

Сот, жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, жеке басы жағдайын ескеріп, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі