Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында судья С.Жумашкинамен, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері талқыланды.

Шара барысында судья С.Жумашкина соттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 281 (4, 5, 6 бөлімдері), 282 (3, 4, 6, 7, 9, 11, 13 бөлімдері) және 283 баптары бойынша салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтынын атап өтті. Көрсетілген баптармен негізгі әкімшілік жаза ретінде әкімшілік айыппұл көзделген. Сонымен қатар, тәркілеу және лицензиядан айыру қосымша әкімшілік шаралар түрінде қолданылады .

2016 жылдың басынан бастап Хромтау аудандық сотында салық салу саласындағы 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі