Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Экономикалық қылмыстар», «Қылмыстық теріс қылық», «Қылмыстық істі прокурорға қайтару» және «Мемлекеттік тіл – татулық тірегі»  туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Балмұханов, сот судьялары, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушылар, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің өкілдері қатысты.

Судьялар З.Г.Шмирова, А.С.Адилова, А.Д.Бекталиева дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндама оқыды.

Іс-шара барысында, судья З.Г.Шмирова: 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілегн Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 8 тарауында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар 36 бап қылмыстық құқық бұзушылықтардан құралған.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 16 бабы яғни, 222 бабы «Тауар белгісін заңсыз пайдалану», 225 бабы «Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі», 226 бабы «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу», 227 бабы «Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi», 228 бабы «Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу», 229 бабы  «Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау», 230 бабы  «Инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер», 234 бабының 1 бөлігі «Экономикалық контрабанда», 236 бабы «Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару», 239 бабы «Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу», 241 бабы «Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу», 242 бабы «Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну», 234 бабы «Банктiң ақшасын заңсыз пайдалану», 244 бабының 1 бөлігі, «Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы», 246 бабы «Салық төлеушiнiң салық берешегi есебіне билiк ету шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер», 247 бабының 1, 2  бөліктері «Заңсыз сыйақы алу» қылмыстық теріс қылықпен салыстырылады деп тоқтала кетті.    

Дөңгелек үстел барысында қылмыстық істі прокурорға қайтару, қылмыстық теріс қылық және сот өндірісіндегі мемлекеттік тіл бойынша туындайтын мәселелер көрініс тапты.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.

Қорытындылай келе, сот төрағасы  дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі