Ақтөбе қалалық сотында медиативтік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшылар Г., Ю. жауапкер Т. қатысты 720 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны, 8 000 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауының барысында, 2014 жылдың 18 тамызында жауапкер талапкерден 1 100 000 теңге көлемінде ақшаны 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қайтару мерзімімен қолхат арқылы қарызға алғаны анықталды. Қарыз ақша ішінара қай        тарылып, қалған бөлігі 720 000 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы АК-нің 272-бабына сай, міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Қазақстан Республикасы АК-нің 716-бабына сай, заём шарты заёмшының облигациясы, қолхаты немесе оған заём берушінің белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда тиісті жазбаша нысанда жасалды деп танылады.

Талап қоюшы өз құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгінді.

Сот дауды шешу туралы келісімді медиация тәртібімен жасауды ұйғарды, оған сәйкес, жауапкер талапкерге 728 000 теңге көлеміндегі қарыз ақшаны 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін төлеуге міндеттелді. Г., Ю. соманы қарыз ақша есебіне алуға келісіп, талап арыздан толық көлемде бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі