Ырғыз аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

5 сәуір 2016 жылы Ырғыз аудандық сотында 2016 жылдың  3 айында    атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Баспасөз - маслихаты барысында сот төрағасы сотқа ағымдағы жылдың есептік кезеңінде барлығы 28 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс, оның 14 ісі бойынша 16 адамға үкім шығарылғанын, қалғандары жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылғанын, оның бесеуі медиаторлардың қатысуымен аяқталғанын атап өтті.

Сонымен қатар,2016 жылдың  3 айында сотқа барлығы 114 арыз түсіп, соның ішінде 112 арыз бен 58 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданған.

Бүгінгі таңда барлық қаралған істердің 100%-зы үн-бейне жазба құрылғысымен өткізілген.

Сондай-ақ, сот төрағасы істерді қараудың процессуалдық мерзімдері бұзылмағанын және аудандық сот жүйесінің беделін арттыру  мақсатында мемлекеттік, басқа да мекемелердің және БАҚ-тың өкілдерімен бірнеше жиындар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, брифингтер, «Ашық есік күндерінің» және басқа шараларды өткізілгендігін айтты.

Баспасөз-маслихатын қорытындылай келе, сот төрағасы азаматтардың сот қызметіне, өткізіліп жатқан шаралар жөніндегі ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге және БАҚ-тың жұмысына баса назар аударатындығын айтып, тілшінің қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі