Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР жаңа азаматтық процестік кодексі, «100 нақты қадам» жоспары бойынша Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында сот ісін жүргізу жолдарын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Ақтөбе қалалық прокуратурасының, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің өкілдері, сот медицинасы орталығы молекулярлы генетикалық бөлімше меңгерушісі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, медиаторлар қатысты.

Сот төрайымы азаматтық істерді қарау барысында сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы, жеделдігі мен тиімділігін көтеруге бағытталған жаңа қабылданған Азаматтық процестік кодекс сот төрелігін жүзеге асыру сапасына, мерзімін  сақтауға және болашақта сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға оң әсер тигізетінін айтты.

Сот төрайымы М.Г.Үрістембаева Мемлекет басшысының қабылдаған «100 нақты қадам» жоспарында еліміздің құқық жүйесін дамытуға 19 мақсатты қадам көзделгенін, бүгінгі күні Ұлт жоспары кезең-кезеңімен іске асырылып, ол жалпы сот жүйесін жаңғыртуға ықпал еткенін атап өтті.

Судья Н.Б.Ормаханов өзінің баяндамасында сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологияларға тоқталып өтті.

Қазіргі таңда техникалық құралдардың көмегімен сот мәжілістерін дыбыс-бейне жазбаға жазу қолға алынған. Бұл дегеніміз сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидасының тек заң жүзінде ғана емес, шынайы жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

Сот медицинасы орталығы молекулярлы генетикалық бөлімше меңгерушісі Р.Д.Нуртигенова лабораторияның жұмысын, қан алу тәсілін, кадрлар туралы және тағайындалған сараптамаға төлемдерді бөліп төлеу туралы да айтып өтті.

Талқыланған тақырып төңірегінде дөңгелек үстелге қатысушылар ойларын ортаға салып, өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, сот бұйрығын орындау және алимент мөлшерін азайтусұрақтары талқыланды

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі