Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің тілшісі А.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте сот төрағасы А.Бисенгали ағымдағы жылдың бірініші тоқсанында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды. Өткен 2015 жылғы осы кезеңінде барлығы 95 іс қаралса, осы жылдың салыстырмалы кезеңінде барлығы 58 іс қаралған, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты.

Сонымен қатар, аталған істердің барлығы «Сот кабинеті» электронды сервис арқылы түскендерін, бүгінгі таңда барлық сот отырыстары аудио-бейне жазбаны қолданумен жүргізілетін болып, сотта үш айда қаралған істердің 100% аудио-бейне жазба құралын қолданумен өткізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, сот жүйесінің имиджін көтеру мақсатында мемлекеттік, басқа да мекемелердің және БАҚ-тың өкілдерімен бірнеше жиындар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, брифингтер, «ашық есік күндерін» өткізгендерін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі