Ақтөбе қаласының №2 соты 2016 жылдың бірінші тоқсандағы жұмысын корытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының 2016 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жиынға сот төрағасы А.Балмұқанов, сот судьялары Р.Кустанова, Н.Бисени, З.Шмирова, С.Танимова, А.Бекталиева, Е.Бақытжан, А.Тажикенова, Е.Абдыкалыков, соттың БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты судья-үйлестірушісі А.Адилова, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

2016 жылдың бірінші тоқсанында Ақтөбе қаласының №2 сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Ақтөбе қаласының  №2 сотының өндірісіне  2016 жылдың бірінші тоқсанында 394 қылмыстық іс қаралса, 2015 жылы 229 қылмыстық іс қаралған,  яғни  салыстырмалы кезеңмен есептегенде 41,8% қылмыстық істердің қаралуына көбейген.

Жаза тағайындау: Қаралған 457 тұлғаға қатысты қылмыстық істің ішінде 247 тұлғасына қатысты айыптау үкім шығарумен аяқталған, салыстырмалы кезеңде  164 тұлғаға қатысты үкім шығарумен аяқталған, бұл көрсеткіш 2016 жылы сотталғандардың саны 33,6 % көбейгенін көрсетеді,  тараптардың татуласуымен 124 тұлғаға қатысты іс өндірістен қысқартылса, салыстырмалы кезеңде 84 тұлғаға қатысты қысқартылған- бұл көрсеткіш 2016 жылы істің 32,2 % көбейгенін көрсетеді.

Үкім шығарумен қаралып сотталған 457 тұлғаның ішіндегі  61 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, яғни 13,3% құрайды. Негізінен бас бостандығынан айыру жазасы ауыр және ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылған.

Ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде сотталушымен жасалған қылмыстың  қоғамдық  қауіптілігі, сипаты, салдары, қылмыстың қайталануы  ескеріледі.

Жаза тағайындау бойынша 457 сотталғандар арасынан нақты бас бостандығынан айыру жазасы 61 адамға қолданылса, 89 адамға бас бостандығын шектеу, 16 адамға  қатысты шартты жаза және 28 адамға айыппұл төлеу, 52 адамға қоғамдық жұмысқа тарту жазалары қолданылған, 1 адам жаза өтеуден босатылған. 36 қылмыстық  іс прокурорға қайтарылды. Сотталғандардың басым көпшілігі ұрлық, тонаушылық, бұзақылық, денсаулыққа қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін.

Сонымен қатар, сотта   істі қысқарту  кезінде тараптардың медициялық  шарт жасауымен қысқартылуы да жақсы жолға қойылған. Медиация тәртібімен қысқартылған істердің саны 95.

Аталған кезеңде  сотта барлық қаралған 394  істің 394, яғни 100%   сот мәжілісі үн-бейне жазба құрылғысын қолдану арқылы өткізілген, 2015 жылдың сәйкес кезеңіде бұл көрсеткіш 207 іс, яғни 90,3 % құраған, яғни судьялармен сот процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету жұмысы жүзеге асырылып отырылуының бірден бір көрсеткіші.

Сонымен қатар  Халықпен кездесу, олардың сұрақтарына жауап беру үшін сот төрағасы мен судьяларының қатысуымен ай сайын «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады.

Корытындылай келе сот төрағасы А.Балмұқанов сот істері бойынша статистикалық деректер мен қаралған істер бойынша жаза тағайындау, сотқа көп түсетін істер санаты бойынша ақпарат берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі