Есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  297-бабының 2-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу,
иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, ірі мөлшердегі есірткі) айыпталған С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарға сәйкес 2016 жылы 29 наурызда  сотталушы С. есірткі еліту жағдайында бола тұра, Ақтөбе қаласының 11 мөлтек ауданында ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз иемдену және сақтау мақсатында және әрі қарай сату мақсатында азамат  С.  15 000 теңгеге жалпы салмағы 9,43 грамм болатын 5 бөлікке бөліп газет қиындысына оралған кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз иемденіп, өткізу үшін заңсыз сақтаған.

Оқиға болған жерді тінту кезінде соңғының тұрғылықты жерінде оралған 222 кептірілген марихуана есірткі заты жалпы салмағы 441,58 грамм және 6,02 грамм, 0,75 грамм кептірілген марихуана есірткі затын Сандыбаев заңсыз сақтап, ары қарай өткізу мақсатында  сақтаған.

Сот үкімімен Сандыбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  297 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып,  оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі