Аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Сабыровпен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлімімен сотталушы Ж.  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Іс материалдарына сай, 2016 жылдың 14 ақпанында, бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында, сотталушы Ж. Мұғалжар ауданы Жем станциясында тоқтап тұрған «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызының №5 вагонына кіріп,  №12 орында ұйықтап жатқан азамат М.  тиесілі «Packord Bell» маркалы ноутбугін жасырын  жымқырып,  оған құны 130 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы Ж. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1- бөлімімен сотталушы Ж. қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс   Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлімімен өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі