№2 Мұғалжар соты

Қасақана бұзақылық

29/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлімінің 2 тармағымен (суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру, қолдануға тырысып жасалған бұзақылық) сотталушы О. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

28/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ағымдағы жылдың  6 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша, сот саласындағы жаңалықтар және қоғамдық қызуғышылық туғызған істер бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетов, Ембі қалалық акимат, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасар, Ембі қалалық полиция, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, Желелік полиция өкілдері қатысты.

Атқарушылық құжатты орындамаған

28/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) аз. С.-Жаркеевке  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, Ж. балаларына тиесілі заңмен бекітілген алимент бойынша бережағы 815 296 теңге бола тұра, сот орындаушымен қозғалған атқарушылық құжатты орындамаған.

«Ашық есік» күні

20/07/2016

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күні барысында сот төраға міндетін атқарушы Ж.Кунаеваға 3 жеке тұлға Ембі қаласының тұрғындары Д.Утеулина неке - отбасылық мәселелері бойынша, А.Калдыгулова бережақ соманы өндіру бойынша, А.Таженова мүлікті бөлісу туралы сұрақтарымен жүгінді.

Шараны қорытындысы бойынша оларға қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

«Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі бітімгершілік рәсімдері туралы» тақырыбындағы көшпелі семинар

30/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы  Ж.Кунаева   Жем қаласының әкімдігінде «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі бітімгершілік рәсімдері туралы» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.

Аталған шараға Жем қаласының әкімі Б.Нуртаев, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары А.Қалдыбай, адвокат, медиатор, Жем қаласының №5 орта мектебінің ұжымы  және басқа да   мемлекеттік мекемелердің басшылары мен  өкілдері қатысты.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

25/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында аудандық соттың ағымдағы жылдың 4 айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға Ембі және Жем қалалық әкімиаттарының, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, Желелік полициясының, басқа мекемелер өкілдері және «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаев қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

23/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Ж.Кунаевамен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының      1-бөлімімен  сотталушы С. қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берілді.        

Аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/05/2016

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы А.Сабыровқа 4 жеке тұлға, Ембі қаласының тұрғындары А.Алманиязов жер учаскесін қайтарып алу бойынша, Ю.Костин еңбек өтілін анықтау бойынша, Г.Мурзатаева ар-намысына нұқсан келтіру туралы, А.Кужахметова неке бұзу туралы сұрақтармен жүгінді.

Заңды талабын орындамау

19/05/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлімімен Н. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың сәуір айының 28-ші  жұлдызында Мұғалжар ауданы Жаңажол кен орнында «В» мекемесінің алдында өтіп жатқан тас жолдың бойында, «Лада» маркалы, автокөлігін басқарып келе жатып, жол үстіңдегі ішкі істер органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Беттер