Аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ағымдағы жылдың  6 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша, сот саласындағы жаңалықтар және қоғамдық қызуғышылық туғызған істер бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетов, Ембі қалалық акимат, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасар, Ембі қалалық полиция, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, Желелік полиция өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында сот төрағасы А.Сабыров 2016 жылдың 6 айында 30 қылмыстық іс түсіп 29 қаралған, оның ішінде 28 тұлғаға қатысты 25 іс бойынша үкім шығарылған, 4 іс медиация тәртібімен қысқартылған. Азаматтық істер бойынша 376 талап арыз, 14 іс және 33 материал, оның ішінде сот бұйрығын шығарумен 78 іс қаралды, 155 шешім шығарылды, барлығы қанағаттандырылған, 16 іс қараусыз қалдырылған, 17 арыз кері қайтарылған, 1 іс соттылығы бойынша жолданған, 77 іс қысқартылған, оның ішінде 45-і бітімгершілікпен қысқартылды, 10 іс медиация тәртібімен қысқартылған. 169 әкімшілік іс түсіп қаралған, сот актілерін орындаумен байланысты 166 жадығат түсті деп атап өтті.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар осындай есеп беру сот жұмысын ашықтығы, жариялылығын білдіретінің атап, сот төрағасына алдағы уақытта осындай кездесулер жалғасын табатынына сенім білдіріп, өз ризашылдықтарын айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі