Архив событий

29/07/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қызметті тоқтату туралы азаматтық істердің соттылығын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/07/2016

29 шілде 2016 жылы  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қызметті тоқтату туралы азаматтық істердің соттылығын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қасақана бұзақылық

29/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлімінің 2 тармағымен (суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру, қолдануға тырысып жасалған бұзақылық) сотталушы О. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

29/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1- бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотталған К.-ге қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді. 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы«Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді

29/07/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Жүсіпов «Қазақстан-Ақтөбе» телерадиокомпаниясы АҚ-ның «Адам және Заң» бағдарламасында «Мемлекеттік органдардың әрекеттерін даулау» тақырыбында сұхбат берді.

Тікелей эфир барысында Қазақстан Республикасының АПК 29-тарауы талқыланды.

Ақтөбе қалалық сотында семинар сабақтары өткізілді

29/07/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық соты судьяларының қатысуымен «Судья Әдебі Кодексінің нормаларын түсіндіру», «Жоғарғы тұрған сотпен өзгертілген және күші жойылған сот актілерін бақылау және талқылау» тақырыптарында семинар сабақтары өткізілді.

Баяндамаларымен судьялар А.Қабылдинов, А.Садықова сөз сөйледі.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

29/07/2016

Қобда аудан әкімдігінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Шараға Қобда аудандық сотының, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен және мемлекеттік  мекемелердің өкілдері  қатысты.