Архив событий

20/07/2016

Қала тұрғындарымен кездесу

20/07/2016

Актөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға сот судьялары А.Мулдагалиев, А.Қаржауов, сот приставы және қала тұрғындары қатысты.                                               

Судья А.Мулдагалиев алқабилерді іріктеу тәртібін және алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот талқылауларын ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Ашық есік» күні

20/07/2016

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күні барысында сот төраға міндетін атқарушы Ж.Кунаеваға 3 жеке тұлға Ембі қаласының тұрғындары Д.Утеулина неке - отбасылық мәселелері бойынша, А.Калдыгулова бережақ соманы өндіру бойынша, А.Таженова мүлікті бөлісу туралы сұрақтарымен жүгінді.

Шараны қорытындысы бойынша оларға қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

Аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

20/07/2016

Ойыл аудандық сотында жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы міндетін атқарушы А.Төремұратова азаматтардықабылдады.

Ойыл ауданы Коптоғай ауылының тұрғыны А.Ниязов  несие мәселесіне байланысты туындаған сұрақтарымен келсе, Ақтөбе облысы Ойыл ауылының тұрғыны Самал Хайруллина тұрғын үй құжаттарын рәсмдеу барысында туындаған сұрақтарымен жүгінді.

Әкімшілік жаупкершілікке тартылған

20/07/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен зейнет жасындағы К.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттар бойынша құқық бұзушы К. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2016 жылы 22 маусымда, Қандыағаш қаласын, «С» м/а, «С» жанар-жағар май бекетінің маңында, «Ваз 21063» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Заңды нұсқауларды орындамау

20/07/2016

Темір аудандық сотында «Қ» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

20/07/2016

Байғанин аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот ұжымы, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ғ.Ермағамбетов және полиция қызметкерлері қатысты.

Алға аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

20/07/2016

Алға аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық сотының кеңейтілген кеңесте қозғалған сұрақтарды талқылау бойынша жедел кеңес өткізілді.