Архив событий

28/07/2016

Экономикалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

28/07/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс институтын енгізу мен жан-жақты дамыту және коммуналдық қызметтер бойынша қарыз ақысын өтеу рәсімін нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы оңтайландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тұрмыстық жанжалдың нәтижесі

28/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1- бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

28/07/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  297-бабының 2-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу,
иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, ірі мөлшердегі есірткі) айыпталған С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Оңайлатылған іс жүргізу өндірісі бойынша сотқа дейінгі дауды шешу мәселесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

28/07/2016

Шалқар аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы  новеллаларды және атқарушылық жазбасын түсіндіру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараға аудандық әкімдігінің өкілі Б.Ермағанбетова,  нотариус Қ.Сәндібек және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Турғанбаев қатысты.

Дөңгелек үстелді кіріспе сөзімен сот төрағасы О.Бақтыгереев ашып, судья А.Маханбетов «Оңайлатылған іс жүргізу өндірісі бойынша сотқа дейінгі дауды шешу мәселесі»  тақырыбында баяндама жасады.

«Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел

28/07/2016

Әйтеке би аудандық сотында  «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының міндетін атқарушы М.Мухамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, Ақтөбе нотариалдық аймағының нотариусы Р.Биртаевтың, Әйтеке би аудандық заң консультациясының меңгерушісі К.Матаеваның.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

28/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті «Актобе таймс» газетінің журналисті Т.Токарьдың қатысуымен брифинг өткізілді.

Шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/07/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын  бұзған Украина азаматы Л. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Л, Украина азаматы бола тура, 2016 жылғы 1 мамырда Қазақстан Республикасына бақылау-өткізу пункті арқылы келіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін үш күн ішінде тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасында болғаны анықталған.

Аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

28/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ағымдағы жылдың  6 айында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша, сот саласындағы жаңалықтар және қоғамдық қызуғышылық туғызған істер бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетов, Ембі қалалық акимат, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасар, Ембі қалалық полиция, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, Желелік полиция өкілдері қатысты.

Темір аудандық сотында «Қылмыстық істер бойынша сот үкімдерін орындауға жолдау тәртібімен мерзімі» тақырыбында семинар сабағы

28/07/2016

Темір аудандық сотында «Қылмыстық істер бойынша сот үкімдерін орындауға жолдау тәртібімен мерзімі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

28/07/2016

28 шілде 2016 жылы  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алудың дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Ақтөбе облысының МАЭС төрағасы Е.К. Қанапиев, сот судьялары, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрағасы Т.Хамитов, «Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марченко А.Н. және «Атамекен» ҚР ҰҚП өкілі Р.Б. Куйшин қатысты. 

Аңшылық қаруды заңсыз сақтаған

28/07/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен азамат Н. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Н., 2016 жылы 4 маусым Темір ауданы «Т» жеке шаруа қожалықтағы үйдің ішінде, ішкі істер органдарында тіркелмеген  16-калибрлі «ИЖ-К» модельді тегіс ұңғылы атыс қаруына жататын сыңар ауыз шақпақты аңшы мылтықты өзінде заңсыз сақтаған.

Атқарушылық құжатты орындамаған

28/07/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) аз. С.-Жаркеевке  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, Ж. балаларына тиесілі заңмен бекітілген алимент бойынша бережағы 815 296 теңге бола тұра, сот орындаушымен қозғалған атқарушылық құжатты орындамаған.