Экономикалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс институтын енгізу мен жан-жақты дамыту және коммуналдық қызметтер бойынша қарыз ақысын өтеу рәсімін нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы оңтайландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Ақтөбе облысының сот төрағасы Е.Қанапиев, сот судьялары,  нотариус С. Балпеисова, кәсіпкой медиатор К. Каусова, «Ақтөбе қалалық Әкім аппараты» ММ өкілі Г.Жумагалиева, «Актобеэнергоснаб» ЖШС өкілі М. Аймақов, «Трансэнерго» АҚ өкілі Т.Суйншалин және «Ақбұлақ» АҚ өкілі Д. Сермаханова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР «Нотариат туралы» Заңының 14-1-тарауындағы  атқарушылық жазбаларды жасау талқыланды.

Өз баяндамасында cудья Ж.Жубатова «Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазбаларды жасайды. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 135-бабының 1), 2), 3), 4), 10), 11) және 17) тармақшаларында белгіленеді. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Атқарушылық жазбаны жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей табыс ету туралы хабарламамен бірге борышкерге оның көшірмесін жібереді. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын хабарламамен бірге жазбаша түрде жіберуге құқылы. Нотариус атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулыны қарсылық келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады, - деп көрсетті судья.

Шараға қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарды талқылап, оның маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ж.К. Әлішева туындаған сұрақтарға жауап беріп, дөңгелек үстелге қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі