Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

28 шілде 2016 жылы  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алудың дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Ақтөбе облысының МАЭС төрағасы Е.К. Қанапиев, сот судьялары, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрағасы Т.Хамитов, «Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марченко А.Н. және «Атамекен» ҚР ҰҚП өкілі Р.Б. Куйшин қатысты. 

«Мемлекеттік сатып алудың дамуы» тақырыбында судья М.Қ. Шарипова және судья Л.М.Бисенова баяндама оқыды.

Дөңгелек үстел барысында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР  Заңы талқыланды.

Шараға қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарды талқылап, оның маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында сот төрағасы Е.К. Қанапиев туындаған сұрақтарға жауап беріп, дөңгелек үстелге қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі